Майлы дақылдар рекордтық деңгейде жиналды

Майлы дақылдар рекордтық деңгейде жиналды

Биыл ауыл шаруашылығындағы маңдай тер, адал еңбектің арқасында бұршақ дақылдарының өнімі алғаш рет 1 миллион тоннаға жетті. Майлы дақылдардан 4,3 миллион тонна өнім алынғаны расында тарихи меже. Сол секілді тамшылатып суару технологиясының арқасында мақта шикізатының өнімділігі гектарына 30 центнерге жетіпі. Бұл да атап айтарлық жетістік. 

Биыл барлығы 428 мың тонна мақта жиналды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артық. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне осы секторда жоғары тиімді технологияларды жедел енгізу тапсырылды. Егін науқанының рекордтық нәтижелері — бұл мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының және қаржылық тұрақтандырудың тікелей нәтижесі. Көктемгі дала жұмыстарына арналған жеңілдетілген несиелеу көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеге жетті. Сонымен қатар, агросекторға 1,8 миллион тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын қамтиды. Элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 11,5%-ға дейін өсті. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы (көлемі – 250 млрд теңге) аясында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны 6,5%-ға жетіп, соңғы екі жылда техниканың тозу деңгейі 80%-дан 70%-ға дейін төмендеді.

Рекордтық өнімді тиімді өткізу және экспортты қолдау мақсатында (өткен маусымда экспорт 47%-ға өскен болатын) астық тасымалдауға арналған субсидиялау бағдарламасының мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Техника паркін жаңарту процесі де айтарлықтай қарқын алды. Егер 2023 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5% болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ға жеткен. Бұл аграрлық өндіріске заманауи технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және жинау кезіндегі шығындарды азайтуға жол ашып отыр. Сорт жаңарту мен сорт алмастыру бағытында да оң өзгерістер байқалады. Элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 7,1%-дан 11,5%-ға дейін өсті. Бұл үрдіс ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып қана қоймай, олардың құрғақшылық пен климаттық өзгерістерге төзімділігін күшейтеді.

05.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 647
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 817
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 799

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19572
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19389
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34511
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33072
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36895