Айта кету керек, ағымдағы жылы аймақта 69,5 мың гектарға (жоспар – 64,5 мың гектар) майлы дақылдар себіліп, өткен жылмен салыстырғанда 27,8 мың гектарға артып отыр. Майлы дақылдар Жуалы ауданында – 22,0 мың гектарға, Т.Рысқұлов ауданында – 14,3 мың гектарға, Шу ауданында – 11,0 мың гектарға егіліп, алдыңғы үштікте тұр.
Биыл құландық диқандар 14,3 мың гектарға мақсары дақылын (сафлор) сеуіп, егіс алқабын 55,5 пайызға арттырған. Топырақ талғамайтын мақсары дақылы тамаққа және маргарин үшін қолданылады. Ал күнжарасы – өз алдына таптырмас құнарлы мал азығы. Одан қалса, оны жұрт ауыл шаруашылығы мақсатында тыңайтқыш және отын ретінде де қолданып жүр. Осылайша майлы дақылдар ішінен мақсарының пайдасын білетін құландықтар өнімді де молынан алуға үміттеніп отыр.