Мал тоғыту туралы не білесіз?

Мал тоғыту туралы не білесіз?

«Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» демекші, аймақта мал басының өскені байқалады. Қазір жалпы облыс бойынша 4 миллион 240 мыңға жуық қой-ешкі бар екен. Оның үш миллион басын тоғыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 2973222 бас тоғытуға түсіп, түрлі зиянкестерден залалсыздандырылды.

Жалпы, мал тоғыту жылына екі рет арнайы дезинфекциялық ерітіндіде жасалады. Бір атап өтерлігі, қойларды тоғыту кененің барлық түрінен, паразиттерден, биттерден және тағы басқа тазарту үшін маңызды.

Өткен ғасырда ұйымдасқан агроқұрылымдардың әрқайсысында қой-ешкілерді тоғыту өзінше бір науқан болып саналатын. Қазіргі таңда қой-ешкілердің барлығы жеке шаруа қожалықтардың үлесінде. Сондықтан мал тоғытуды әркім өз білгенімен жүргізуде.

Дегенмен, көптеген мал иелері қалай тоғытатынын, қандай препараттар қолданатынын толық біле бермейді. Сондықтан да мал тоғытуды мал дәрігерінің қадағалауымен жүргізген дұрыс.

Бүгінде облыс аумағында 154 мал тоғытпалары жұмыс істеп тұр. Оның 12-сінің құрылысы бюджет қаражаты есебінен салынған. Атап айтсақ, Байзақ ауданында – 1, Жамбылда – 3, Сарысуда – 5, Талас ауданында – 3 мал тоғытпасы салынды. Қалғандары жеке шаруашылықтардың иелігінде. Бірақ, бұл тоғытпалар әлі де жеткіліксіз болып отыр. Аудан әкімдіктерінен қажеттіліктерін анықтап, тоғытпалармен қамтамасыз ету сұралуда.

Мал тоғыту барысында қандай препарат қолданылатынын, препараттың пайыздық мөлшерін, судың температурасын, жануардың ерітіндіде болатын уақытын (1 минут экспозиция) қатаң сақтау маңызды.

Қойларда псороптоз (қотыр) ауруы жиі кездеседі. Ол ауру қой шаруашылығына орасан зор шығын келтіреді. Ауырған мал азады, жүні түсіп қалады, қыс мезгілінде өлім-жітімге де ұшырайды. Оның профилактикасы – қой қырқу науқаны аяқталғаннан кейін мал тоғытпаларында шомылдыру. Неоцидол, диазинон, бутокс препараттары жақсы нәтиже береді. Тек ерітіндідегі пайыздық мөлшері сақталуы тиіс, мысалы диазинон, неоцидол препараттары 240 литр суға 100 грамм мөлшерімен қосылады, бутокс 100 литр суға 100 грамм мөлшерінде. Жануар денесіне тез жұғу үшін судың температурасы 20 градустан төмен болмауы тиіс.

Псороптозға қарсы профилактикалық тоғыту 1 рет жүргізіледі, ал псороптозға шалдыққан жануарлар тіркелген кезде 7-10 күннен кейін қайталап тоғыту қажет. Өйткені, кенеге қарсы қолданылатын препараттар қотырға шалдыққан малдардың денесіндегі ересек кенелерді ғана жояды, олардың жұмыртқалары мен личинкалары 7-10 күнде ересек кенеге айналады, сондықтан да екі рет тоғытпаса псороптоз қайта өршиді. Сонымен қатар, шаруашылықты кенелерден толық арылту үшін мал қоралары мен шарбақтарын да кенеге қарсы препараттармен залалсыздандыру қажет.

 

Талғат ҚОЖАБЕРГЕНОВ, облыс әкімдігі ветеринария басқармасы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
06.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 87
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 282
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 903

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8981
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8375
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11601
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9359
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10585