«Лада»: «Маңғыстау облысында жаңбырдан кейін бірнеше көлік су астында қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін көліктерді су басты. Оқиға «Көк шығанақ» ауданында болған», – деп хабарлайды. Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков: «24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі – бала», – деп мәлімдеді.