Маңызды азық-түлік бағасын зерделеді

Маңызды азық-түлік бағасын зерделеді

«Amanat» партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тараз қаласының сауда орталықтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері алдымен «Жансая» шағынауданында орналасқан «Small» сауда орталығына барып, адам қарасы үзілмейтін дүкендегі баға байламына көз жүгіртті. Алдымен жұртшылық көп тұтынатын картоп, пияз, қырыққабат бағалары назарға алынды. Айта кетерлігі, мұнда сәбіз, пияздың бағасы орта бағадан жоғары екендігі байқалды. Нақтырақ айтқанда, сәбіздің орта бағасы 128 теңге болса, мұнда 145 теңгеден, ал өзіміздің облыста өсетін пияздың бір килограмы 165 теңге болса, сөреде 299 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар, орташа бағасы 350 теңге болатын күріштің килограмы 470-570 теңге, ұн 260 теңгеден өткерілуде.

Келесі кезекте аманаттықтар «Арай» шағынауданындағы «Әлеуметтік дүкенге» бас сұқты. Өзге сауда орталықтарына  қарағанда арзандатылып сатылатын дүкенде тауарлардың бағасы тұрақты. Дегенмен, топ мүшелері ондағы тауардың қорына мән берді. Мәселен, жаз маусымы келісімен бағасы шарықтайтын қанттың қорын нақтылады. Дүкен әкімшілігінің айтуынша, бүгінгі күні бір килограмы 330 теңгеден сатылып жатқан қанттың қордағы мөлшері 4 мың тоннадай екен. Сондықтан, сауда иелері алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді.

– Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бүгін бірқатар сауда орталықтары мен дүкендерге зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Рас, орталықтарда кейбір тауар түрлерінің бағасы өскендігі байқалады. Сонымен қатар, тауар қорларына да назар аудардық. Себебі, бағаның өсуіне қордағы тауардың жеткіліксіздігі себеп болып жататыны белгілі. Біз әлеуметтік дүкендерге де кіріп, олардағы баға байламына да көз жеткіздік. Дүкендерде баға тұрақты және қорларында тауар да жеткілікті, – дейді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Гулам Умаров.

Айта кетсек, облыс көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларының бағасын мониторингілеу мақсатында партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдары тарапынан жалпы саны 12 топ құрылып, биылғы 27 наурыз бен 18 сәуір аралығында өңірдегі 15 ірі сауда орталығы мен базарларда әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде, макарон өнімдері 1,8 пайызға (280-285 теңгеге), тұздалмаған сары май – 1,5 (3191- 3238 теңгеге), күріш – 1,2 (346- 350 теңгеге), айран 0,9 пайызға (323-326 теңгеге) өскеніне көз жеткізген. Ал, күнбағыс майы 845 теңгеден 820 теңгеге, қарақұмық жармасы 450 теңгеден 435 теңгеге арзандаған.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, aqjolgazet.kz
22.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593