Бүгін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен кезекті аппарат отырысы өтті. Жиында төмендегі мәселелер қаралды:
— Республикалық референдум өткізуге дайындық жұмыстары;
— Халықаралық балаларды қорғау, мемлекеттік рәміздер күндерін атап өтуге дайындық шаралары;
— Қаладағы көше жолдарын жөндеу жұмыстары және сыртқы жарықтандыру мәселесі.
5 маусым күні базарлар сағат 12.00 ге дейін жабық болады. Қаладан шалғай орналасқан 55 референдум учаскесіне тұрғындарды тасымалдау үшін 55 автобус жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы инватакси қызметі қолданылады.
Жиында ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сламбекова алдағы мерекелік іс-шаралар кестесін баяндады. Биыл «Балалар жылына» аясында қала көлемінде түрлі форматта 52 іс-шара, жоспарланып, 21-і өз деңгейінде өткізілді. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні барлық аумақтық округтерінде мереке иелеріне арналып, танымдық, мерекелік және байқаулар өткізіліп, тәтті балмұздақ пен сыйлықтар үлестіріледі. Ал, 4 маусым Рәміздер күніне орай «Жастар аллеясынан Тұңғыш Президент саябағына дейін «Туы биік елдің — тұғыры биік» атты патриоттықақциясы, авто-велошеруі өтеді.
Аппарат отырысында Ержан Жылқыбаев:
— «Барлығы жоғары деңгейді ұйымдастырылуы қажет. Әсіресе биыл «Балалар жылы». Аталған іс-шараларға міндетті түрде барлық бала қамтылсын. Әсіресе, көпбалалы, аз қамтылған отбасының ұл-қыздары, мүмкіндігі шектеулі балалары, аталған қызықтардан шет қалмасын», — деп жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.
Жиында сондай-ақ алдағы маусымда басталатын жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстары пысықталды.