ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар бойынша 5 маусым күні өткізілетін жалпыхалықтық референдумды халық арасында түсіндіру жұмыстары Талас ауданы, Қаратау қаласының шығыс бөлігінде орналасқан жеке сектор аумағында жүргізілді.
Жиынға референдум бойынша құрылған аудандық штаб мүшелері, Талас ауданының «Құрметті азаматы» Базылхан Тоқтыбаев, Талас аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «Аналар алқасы» төрайымы Баян Жилбаева қатысып, маңызды науқанға белсенділік танытуға шақырды.