МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК БАСПАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК БАСПАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 87 әлеуметтік баспананың құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 60-65 шаршы метрді құрайды. Бүгінде аудан көлемінде 2 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұрады.
Кәсіпкерлердің қаржысына қабырғасы қаланып жатқан үйлер толығымен аяқталған соң мемлекет сатып алып, үй кезегінде тұрған азаматтарға санаттарына қарай теңдей бөліп бермек. Көппәтерлі әрбір тұрғын үйдің ауласында кәсіпкерлердің қаржысына балалар ойын алаңшалары мен автотұрақтар салынады деп жоспарлануда.
Аталған бағдарлама аясында өткен жылы 46 тұрғын үй сатып алынып, баспанаға мұқтаж отбасыларға берілген.
Сонымен қатар, ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 5 мектеп салынады. Қазіргі таңда 2 білім ошағының құрылыс жұмыстары басталған. Сондай-ақ, сақалды құрылысқа айналған тағы 2 мектептің құрылысы мен тағы 3 білім ұясын салу жоспарлануда. Одан бөлек, өткен жылы ауданда 2 мәдениет үйі салынса, биыл тағы екеуінің құрылысы басталған.
Мәдениет үйінің бірі 150 орындық Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде орналасқан. Құны 762 млн-ды құрайды. Құрылыс жұмыстары қолға алған мердігер мекеме келесі жылдың желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ауданда дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Алдағы жылдары әрбір ауылдық округтің орталығынан шағын спорт кешендерін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, тиісті қаржы көлемі анықталуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 506
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 720
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 595
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 604

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4417
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3856
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6224
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4816
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6016