Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы – биылғы жыл үлесіндегі айтулы даталарлың бірі. Осыған орай облыс орталығы Семейде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған облыстық форум өтті. Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» ҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, сондай-ақ ардагерлер мен қазіргі барлық деңгейдегі депутаттар қатысты.
Форумда демократия мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтудағы мәслихаттардың рөлі зор екені атап өтілді.
«Мәслихаттардың құрылуы – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі. Халық пен билік арасындағы «алтын көпір» болған бұл мемлекеттік институт елдік мүдде жолында өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Абай елі қайта түлеп, еңсе көтергенде де, біздің депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауапкершілігін көрсете білді. Орайы келгенде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан барша депутаттарға шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мерейтой аясындағы сөзінде.
Тарихқа тоқтала кетсек, 1995 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, мәслихаттар заңды түрде жергілікті өкілді орган ретінде бекітілді. Конституция мәслихаттардың міндеттері мен өкілеттіктерін нақтылады, бұл олардың қызметінің негізгі құқықтық негізін қалыптастырды.
1994-2024 ж.ж. аралығындағы кезеңде мәслихаттар халықтың мүддесін қорғап, аймақтық басқару жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарып келеді. Қазақстанда мәслихаттар тәуелсіздік кезеңінен бері қалыптасып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің негізін қалағанын атап өткен жөн.
Мәселен, 2018 жылы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру бағытында реформалар жасалды. Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіліп, олардың аймақтық басқаруға ықпалы артты. Бұл реформалар халықтың жергілікті басқаруға қатысуын күшейтуді көздеді.
Мемлекет басшысының назар аударуымен 2022 жылы Қазақстанда бірнеше жаңа облыстар құрылғаны белгілі. Атап айтқанда, осы негізде Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының аудандарында жаңа мәслихаттар пайда болды. Бұл әкімшілік өзгерістер аймақтық басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталды. Мәслихаттар жаңа құрылымдық өзгерістерге бейімделіп, аймақтық даму стратегияларын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келеді.
2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы қабылданды. Бұл заң мәслихаттардың құқықтық мәртебесін нақтылап, олардың қызметін реттеді. Заң бойынша мәслихаттар жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті бағдарламаларды қабылдау, әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосу және жергілікті атқарушы органдарды бақылау құқығына ие болды.
Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Болат Сапоров, Төлеубек Аманғазыұлы марапатталды.
Абай облысы мәслихатының депутаты, «Жан-Ер» медициналық орталығының негізін қалаушы Съезбек Ахметовке, облыстық Мәслихат депутаты Бауыржан Қайрамбаевқа, Абай облысы мәслихатының агроөнеркәсіп кешенін және экологияны дамыту саласының тұрақты комиссиясының төрағасы Уәлихан Майжановқа Қазақстан Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы табыс етілді.
Сондай-ақ Абай облысының дамуына, өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар белгілі азаматтар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Алғыс хатына ие болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен «Юбилейный» ЖШС директоры Мамырбек Қарашев ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен Ақсуат аудандық мәслихатының депутаты Дулат Ешенұлы мен Жарма ауданы мәслихатының депутаты Азамат Нұрғалиев марапатталды.
Жиын барысында сөз алған «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев «Құрметті депутат» марапатымен Қасқабай Сиязұлы мен Бородулиха ауданынан келген Ерлан Зайтеновті марапаттады.
«Қазақстан мәслихаттарының депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрметті депутат» марапатымен Зайтенов Ерлан Амирбекұлы марапатталады. Бородулиха ауданы және үржарлық Нұрланбек Сандыбаев, мақаншылық Нағима Сапарханқызы марапатталды.
Форум Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.