От пен оқтың ортасында жүріп, бейбітшілік үшін күрескен майдангерлердің ерлігі ел есінде ұмытылмақ емес. Тіпті, жеңіс үшін, елімізден майданға сан мыңдаған сарбаз аттанып, олардың көбісі майдан даласында қаза тапты.
Иә, соғыс деген сұрапыл шайқастың алаңында «Отан қорғау» деген ұлы ұғымды жүрегіне сақтап, ерлік көрсеткен ата-бабаларымызды ұлықтау кейінгі ұрпақтарымызға парыз.
Елі үшін еңбек еткен жандардың есімі ел жадынан мәңгі өшпейтіні анық. Шу ауданы “Жаңа жол” ауылында Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы мен қоғам және мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаевқа арналған мектеп ішінен мұражай ашылды.