Мемлекет басшысы Астана қаласы әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласы әкімін қабылдады

2024 жылы 22 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді.

Жеңіс Қасымбек қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Мемлекет басшысына жылыту маусымы жөнінде баяндалды. Былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастады. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі. Бұдан бөлек Жеңіс Қасымбек қазір жалпы қуаты 970 Гкал/сағат болатын «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Президентке әлеуметтік нысандар (мектеп, қолжетімді баспана, медициналық мекемелер) салу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтау, тозығы жеткен апатты үйлерді бұзу жөнінде айтылды. Мысалы, Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан. Қала әкімінің айтуынша, елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр. Кездесу соңында Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

24.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 38
Жамбыл облысында көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 28.01.2025 111
ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 88
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 36
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНІМ ЛАТВИЯНЫҢ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 49

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13942
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12761
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16022
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14925
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19976