Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – ҚР ЗҚАИ) Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара модераторы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Ғылыми хатшысы, з.ғ.к. Кулжабаева Ж. О. болды. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының өзекті мәселелері бойынша ҚР ЗҚАИ бас және жетекші ғылыми қызметкерлерінің, атап айтқанда з.ғ.д., профессор М. А. Сарсембаевтың, з.ғ.д., профессор С. М. Рахметовтың, з.ғ.д. Н. Н. Турецкийдің, з.ғ.д. Л. Т. Жанузакованың, з.ғ.к. А. К. Курманованың баяндамалары ұсынылды.

Талқылауға шақырылған қонақтар – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, КИМЭП Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері белсенді қатысты.

Іс-шара соңында қонақтар мен дөңгелек үстелге қатысушылар талқылаудың ашық және сындарлы сипатын назарға алып, мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін кеңінен талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

23.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14605
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14517
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29665
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28288
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31840