Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйіне барды

Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйіне барды
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінде оқу орнының оқытушылармен және студенттермен кездесті.

Институт ректоры Ерболат Саурықов оқу орнының маман даярлау ісіндегі жетістіктері мен алдағы даму жоспарын таныстырды. 2019 жылы бұрынғы «Тараз» қонақ үйі реконструкцияланды, қайта жасақталған жатақханада 500 студентке барлық жағдай жасалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің білім саласына айрықша мән беріп отырғанын атап өтіп, бүгінде білім аламын деген адамға мүмкіндік мол екенін айтты.

– Еліміздің болашағы – жастар. Жаңа буын, жаңа толқын өсіп келеді. Білім алу өте маңызды. Абайша айтқанда, «толық адам» дегеніміз – ойы ұшқыр, зерек, білімге құштар адам. Әр нәрседе қанағат болуы керек. Бірақ білімге келгенде, қанағат болмауы керек. Әрдайым іздену керек. Еліміздің болашақта дамып, көркейген елге айналуы, алдымен, сіздерге байланысты. Біз сіздерге сенеміз, үлкен үміт артамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.

 

 

03.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 574
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 33
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 11
ТӨЛЕБИДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.02.2025 63

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14717
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13499
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16793
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15664
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20739