МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТУ ҮШІН АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТУ ҮШІН АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ КЕРЕК

Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. 

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аудан орталығын абаттандырып, көркейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын зерделеді.


Құлан ауылындағы Панфилов және Жібек жолы көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларындағы футбол алаңдарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан орталығында екі стритворкоут қолданысқа берілді. 

Айта кететіні, аталған Панфилов көшесінде көп қабатты үйлердің ауласында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілген болатын.

Аудан орталығынан кейін ең ірі елдімекен болып саналатын Луговой ауылында бүгінде тұрғындар саны 10 500 адамды құрайды. Сәйкесінше,  инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, жаңа нысандар ашылуда. Ауыл тұрғындарының талап-тілектері де басты назарда.

Аудан басшысы аталған елдімекеннің орталық саябақтағы балалар ойын алаңының, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша 2 шағын ауданда салынған жаяу жүргіншілер жолының жұмысымен танысты.

Айта кететіні, өткен жылы елдімекенде “Ауыл - ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында 46 көшенің 13 көшесінің жолдары жөнделіп, “Өңірлерді дамыту” мемлекеттік бағдарламасы аясында Жантелі батыр көшесінен

Степная көшесіне дейін 230м, Желтоқсан көшесінен Жабира көшесіне дейін 135м ұзындықты құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын.

Сондай-ақ, жұмыс сапары соңында ауыл тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасу өзенінің көпірін жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланып, назарға алынды.

Ауылды көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
21.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663