Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің қызметкерлері Мемлекеттік қызметтер көрсетуді уақытылы, сапалы орындауды мақсат етіп қойған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер: «Эпидемиялық маңызы жоғары объектілердің сәйкестігін бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды және зиянды заттардың, қоршаған ортаға физикалық факторлардың, санитарлық-қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарының рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттаманың жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бекіту туралы» ұсыныстар бұйрығы бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативті актілерге сәйкес Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру туралы мәліметтер жинап,құжаттарды дайындау. Денсаулық сақтау, Білім беру және тәрбиелеу объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талапқа сай рәсімдеу.
Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың заңнамаға сәйкес берілуі қадағаланады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қолданылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша мамандармен семинарлар өтіп тұрады.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары талаптарының толық сақталуы қамтамасыз етіледі.
Қызмет алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.egov.kz, elicense.kzпорталы арқылы өтініш бере алады. «Жеке кабинетіне» объектілер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіліп, нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына портал арқылы түскен өтініштер қызметкерлердің арнайы салалары бойынша өз құзіреттерінің қаралуында орындалады. Мемлекеттік қызметкер орындаған жұмысы мен жауапкершілігімен бағаланады.
Наурызбай ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
В.И.Конеева