Мемлекеттік қызметшілер арасында «Лудомания (құмар ойынға тәуелділік). Ойынқұмарлыққа салыну» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Лудомания  (құмар ойынға тәуелділік). Ойынқұмарлыққа салыну» тақырыбы  бойынша семинар өткізілді

 

 Бүгінгі күні азаматтардың құмар ойындарға тәуелділігі, яғни жалпы сөзбен айтқанда «лудомания» қоғамда өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Лудомания - бұл адамның ойындарға, шамадан тыс және бақыланбайтын әуестігі. Бұл мінез-құлық адамды ойындарға эмоционалды және қаржылық жағынан тәуелді етіп, өмірдің басқа салаларынан елеусіз қалдыруына әкеледі.

Осыған байланысты аталған дерттің алдын алу үшін елімізде бірқатар шаралар қабылданып жатыр. 2024 жылдың 8 шілдесінде  Мемлекет басшысы ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заң жобасына қол қойды.

Атап айтқанда, құмар ойындарға бас тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне толықтырулар енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартынуға міндетті.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аталған мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілер және әдеп жөніндегі уәкілдері семинар-жиналыс өткізді.

 

Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірінші жедел басқармасының аға жедел уәкілі Бақшиев Әділ Бектасұлы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, PhD докторы Умуркулова Мадина Максимовна және  аталған жоғарғы оқу орнының Психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Мұхамедкаримова Динара Фархадқызы қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға ойынқұмарлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар түсіндірілді, өз кезегінде қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

         Жиын соңында  спикерлер ойынқұмарлықтың алдын-алуға қатысты профилактикалық ұсыныстар берген болса, әдеп жөніндегі уәкілдерге аталған мәселе бойынша әрбір ұжымда Департаменттің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Қарағанды

облысы бойынша департаменті

09.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 78
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 113
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 113
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 78
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 223
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 441
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 404

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9099
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8498
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11725
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9491
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10707