«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң шықты

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң шықты

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы 2 шілде күні ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2023 жылы дайындалған еді. Арада бір жыл өткенде, яғни 2024 жылы 20 маусымда заң жобасы депутаттар тарапынан мақұлданған болатын. Енді сол жаңа заңды Мемлекет басшысы қарап, қол қойып біржолата бекітті. Ендігі жерде мемлекеттік сатып алуда бұрынғыдай қиындықтар мен өткелектерден өту жеңілдей түспек. Жалпы, заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді. Министрліктің сайтында жарияланған ақпаратта жаңа заң туралы мынадай таныстырулар берілген екен. «Заң новелласының бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған. БІРІНШІ. Шағымдарды қарау тетігі жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге зор өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды. Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады. ЕКІНШІ. Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында заңда тікелей белгіленген мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды. ҮШІНШІ. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негіздері қайта қаралды. Бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын. Енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі. ТӨРТІНШІ. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕКке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді (әзірге тек төтенше жағдай салдарын жою үшін). БЕСІНШІ. Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385