Талас аудандық «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына — 30 жыл толуына орай, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік гала-концерт өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова бастаған актив құрамы мен тыл ардагерлері және жергілікті құзырлы орган өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты басқосуда алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызы айтулы датаның мән-маңызына кеңірек тоқталып, жыл басынан бергі облыстық, республикалық түрлі деңгейдегі мәдени-көпшіліктік іс-шараларда ауданның жеткен жетістіктері мен толайым табыстары туралы айтып өтті.
Іс-шара барысында аудандағы бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен, Алғыс хаттарымен, аудан мәслихаты хатшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.