2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 102400 гектарға орналастыру жоспарланды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1200 гектарға арттық, яғни 100,6 пайызды құрайды.
2022 жылы 29717 гектар жаздық арпа, 5000 гектар жоңышқа, 2370 гектар көкөніс, 7540 гектар майлы дақылдар, 450 гектар бақша, 1055 гектар картоп, 665 гектар дәндік жүгері, 783 гектар қант қызылшасын егу жоспарланған. Сонымен қатар, 26960 гектар күздік бидай, 27870 гектар көп жылдық шөптер орналастырылса, 2562 гектарға сүр алқап көтеру жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 5 сәуіріне 2360 гектар жер жырту жоспарланып, жоспар 2691 гектарға яғни 114 пайызға орындалған. Дайындалуы қажет 47120 гектар жердің 24481 гектары дайындалып, 52 пайызға; егуге жоспарланған 29717 гектар жаздық арпаның 12382 гектары егіліп, 47,7 пайызға; жоспарланған 5000 гектар жоңышқаның 3520 гектары егіліп, 70,4 пайызға орындалды.
Осы орайда, ауданымыздағы жоғары сұрыпты тұқым өндіретін шаруа қожалығы «Сыпатай батыр» ЖШС-гі биылғы жылы 150 га қант қызылшасын егуді жоспарлап, қазіргі уақытта егу жұмыстары қызу жүргізілуде. Шаруашылық басшысы Қанат Шайхиев биылғы қант тапшылығына байланысты, егістік көлемін былтырғыдан 50 гектарға арттырғанын айтады. Ал, тұқымды сонау Франция елінен арнайы алдырады екен. Сонымен қатар, 1500 гектарға күздік бидай себіліп, қазіргі уақытта жайқалып тұрған алқаптарды тырмалап қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, шаруашылықта 500 гектар күздік арпа, 100 гектар жаздық арпа себілген.
Меркі ауданы бойынша қажетті тұқым көлемі 9397 тоннаны құраса, оның 3 тоннасы түп нұсқа (0,03 %), 28 тоннасы супер элита (0,34 %), 507 тоннасы элиталық (6,1%), 1146,74 тоннасы 1 репродукциялық (13,97%), 3668 тоннасы 2 репродукциялық (44,6 %), 2853,2 тоннасы 3 репродукциялық тұқым (34,7 %), 1191,75 себу бірлік гибридті (12,67 %) тұқымдары себіледі.
Осы орайда, тұқымдардың барлығы алдымен аудандық тұқым зертханасында тексеріліп, әртүрлі сұрыптағы тұқымдардың сапасы мен өнімділігі анықталады.
Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 2021 жылы 6 ауыл шаруашылығы өндірушісі 59 млн. теңгеге несиелендірілсе, 2022 жылы «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-не 11 ауыл шаруашылығы тауар өндіруші 51,5 млн. теңгеге өтінім беріп, 4 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 30,5 млн. теңге несие берілді.
2022 жылы аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына барлығы 1625 тонна жанар-жағармай бөлініп (ақпан – 455 тонна, – наурыз 390 тонна, сәуір – 390 тонна, мамыр – 390 тонна), таратушы оператор болып «Элемир» ЖШС, тарату бағасы 208 теңге болып бекітілді. Тарату орны «СА-БА-ЛТД» ЖШС жанар-жағармай сақтау қоймасы.
Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 730 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады. Оның 513 данасы – трактор, 78 данасы соқа, 37 данасы – қопсытқыш, 92 данасы – дән сепкіш, 10 данасы – дән улағыш. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 100 пайыз.
2021 жылы су үнемдеу технологиялары 6406 гектарға орнатылса, ол жалпы 20549 мың гектар суармалы алқаптын 31,1 пайызын құрайды. 2022 жылы су үнемдеу технологияларын 7706 гектарға енгізу жоспарлануда.
2022 жылы 20549 гектар суғармалы егістікке қажетті су көлемі 138,3 млн. м3 құраса, жетіспейтін ағын су көлемі 95,5 млн. м3 құрайды. Осыған байланысты жер асты суын пайдалану арқылы 50 дана су ұғымасын қазу жоспарланған. Берілетін су көлемі – 15 млн. м3. Бүгінгі таңда «Қуан и Д» шауа қожалығы 50 гектар қант қызылшасын суландыруға 1 су ұңғымасын қазды. Сонымен қатар, «АР-АС» шаруа қожалығы 1 құдық қазып, жаңбырлатқыш агрегаттарын орнатуда.