«Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі әлі де ел жадында. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Мәдениет саласын дамытып, өнерпаздарымызға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Меркі ауданында қос бірдей Мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Бірі Ойтал, бірі Мыңқазан ауылында. Көптің сұранысы іске асып, ауылдықтар қуанышына бөленген мәдениет үйлерінің құрылысы қарқынды жүруде.
Ойтал ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылысын "ТаразҚұрылысИнвест" ЖШС жүргізуде. Мердігер компаниямен 168 242 млн теңгеге келісім шарт жасалған.
Мәдениет үйі Ойтал ауылындағы саябақ ішінде орналасуына орай ауыл тұрғындарына өте қолайлы болады деген сенім мол. Сонымен қатар 2023 жылы Ойтал ауылы саябағы абаттандыру, жаңарту жобасына еніп, күрделі жөндеуден өтетін болады. Ішіне субұрқақ, жарық шамдар, орындықтар, сахна қойылып, балалар ойын алаңдары соғылатын болады. Келешекте саябақ аумағы үлкен демалыс орнына айналады деген жоспар бар.
Сонымен қатар, Жаңатоған ауылдық округі, Мыңқазан ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Мердігер мекеме «Тұлпар Строй Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс 09.09.2022 жылы басталып, бүгінгі күні құрылыс монтаждау жұмыстары жүруде. «Тұлпар Строй Сервис» ЖШС- мен 170 659 млн теңгеге келісім шарт жасалған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу.