Меркіліктердің мерейі үстем

Меркіліктердің мерейі үстем

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің Жамбыл облысындағы шағын экспедициясы Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында жалғасын тапты.

Газет басшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы Меркі ауданына жақында ғана әкім болып тағайындалған Жорабек Баубековті жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі. 

Өз кезегінде аудан әкімі Ж.Баубеков Сәуле Мешітбайқызына ризашылығын білдіріп, газетпен әріптестік аясында жұмыс істеуге, бірлескен жобалар болса әрдайым тізе біріктіре жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ кездесу барысында С.Мешітбайқызы «Qazaqstan dauiri» газетінің оқырманға жол тартқанына биыл — 30, республикалық «Мөлдір бұлақ» оқушылар журналының жарық көре бастағанына 20 жыл толып отырғанын әңгімеледі.


Күзге қарай бұл мерейтойларды республика көлемінде атап өту жоспарланғанын айтып өтті. 

Кездесу барысында еліміздегі ең басты саяси шаралардың бірі — референдум мәселесі де талқыланды. Ж.Баубеков референдумды ауданда жоғары деңгейде  өткізудің дайындық жұмыстары жайын баяндаса, Ел анасы С.Мешітбайқызы алдағы халық таңдауымен шешілетін конституциялық өзгерістердің еліміздің саяси да экономикалықтұрғыдан да дамуына қосар үлесінің мол екенін атап өтті.

Бұл күні Меркімен көршілес жатқан Т.Рысқұлов ауданына да ат басын бұрдық. 

Бізді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қабылдады. 

Кездесуде аудан басшысы С.Мешітбайқызына  өңірдің қазіргі тыныс-тіршілігін, референдумды абыроймен өткізудің дайындық барысын әңгімеледі. 

Кездесу соңында газет пен оның сайтына аудандағы жағымды жаңалықтарды үнемі беріп отыру жөніндегі уағдаластық туралы да айтылды. 

Қоңсы жатқан қос аудандағы сапарымыз жайлы кеңірек жазылған материалды газетіміздың алдағы санынан оқыңыздар. 

Жасұлан Сейілхан, Жамбыл облысы
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 150
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 162
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 439
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 855

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18205
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33391
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31944
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35703