Министрмен өткен мағналы кездесу

Министрмен өткен мағналы кездесу

«Qazaqstan dauiri газеті»- ЖШС-ның бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың қабылдауында болды. Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы «Qazaqstan dauiri» газетінің (бұрынғы Қазақстан-Zaman газеті) басшысын арнайы қабылдаған Асқар Қуанышұлы кездесу барысында қазақ мерзімді басылымдарының бүгінгі жағдайы туралы тұшымды ойларын ортаға салды. Электронды БАҚ-тар мен дәстүрлі баспасөздің өзара бәсекесі, қазақ газет-журналдарының әлемдік үдерістерге ілесе таралымының азайып бара жатақадығы сынды өзекті мәселелерді ортаға салған Сәуле Мешітбайқызы бірқатар проблемаларды атады. Әрине, бұлардың ең басында пошталық жеткізудің қиындығы, баяулығы және атқарушы билік тарапынан оқырмандарға қажетті шарт-жағдайлардың лайықты жасалмай отырғандығы айтылды.

Биыл халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінінің 30 жылды мерейтойы. Сондай-ақ Республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының шыға бастағанына 20 жыл. Министрмен өткен кездесу барысында қос басылымның алдағы мерейтойын атап өту жөнінде маңызды жоспарлар да айтылды.

«Qazaqstan dauiri» -ақпарат
18.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5762
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5906
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20883
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19508
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22973