МОЙЫНҚҰМДАҒЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ

МОЙЫНҚҰМДАҒЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ»  ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ
«Жасыл ел» – экспрезидент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жаңару жолында» атты Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өскелең ұрпаққа ұғындырып, жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Уақыт өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қатып, қолдау білдіруші студенттердің, жалпы жастардың қатары артып келеді. «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» немесе «бір тал кессең, он тал ек» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Қай дамыған мемлекетті алып қарасаңыз да, жастардың белсенділігі өте жоғары екенін көріп, бар шаруа жастардың жұмыла қатысуымен бітетіні белгілі. Сондықтан да біз де еліміздің гүлденуі үшін, озық мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін бәріміз жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Бұл бағдарламадағы басты мақсат – табиғатты қорғау, экологияны сақтау ғана емес, жастардың тәрбиесі мен еңбекке баулу. Бағдарламаның тағы бір тиімді тұсы – жастарды еңбекке тарту.
«Жасыл ел» – еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды. Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы ауданымыздың 16-35 жас аралығындағы жастарды маусымдық “Жасыл ел” еңбек жасағының жұмысына қабылдады.
«Жасыл ел» еңбек жасағының ашылуы ауданымыздың кіре берісінде орналасқан Керей мен Жәнібек хандарының монументінде өтті. Еңбек маусымының ашылуы барысында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Қанат Көшербаев қатысып, ізгі-тілектерін білдіріп, «Жасыл ел» жастарына тегін балмұздақпен, салқын сусындар таратты.
«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары жаз мезгілінің 3 айында жұмыс жасайтын болады. «Жасыл ел» еңбек жасағына аудан бойынша 100 жас тартылды. Маусым айында 40 жас, шілде, тамыз айларына 30 жас қамтылады. Ауданымызда орналасқан аллея, монументтерде, скверлерде, демалыс орындарына тазалық жүргізіледі.
«Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты:
Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.
Үшіншіден, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.
«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қазіргі таңда атап айтатын болсақ «Керей мен Жәнібек ескерткіші», мен «Абылай хан орталық алаңын», қоқыстардан тазартып, ескерткіштерге абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек ««Жасыл ел» еңбек жасағы» «Қамқор» бағыты бойынша мүмкіндігі шектеулі 5 отбасыға көмек көрсетті. Аталмыш бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көшелерді, арық бойларын тазалап қана қоймай, қураған ағаштарды кесіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетуде. «Таза болса маңымыз, сау болады тәніміз» деп атам қазақ айтпақшы, «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде.
Мәди КҮНТУ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.
26.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 105
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 105
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 624
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 742
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 654
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 663

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410