«МӨЛДІР БҰЛАҚҚА» ЖАҢА РЕДАКТОР КЕЛДІ

«МӨЛДІР БҰЛАҚҚА» ЖАҢА РЕДАКТОР КЕЛДІ

Журналистер әдетте басшы болуға қызықпайды.  Бізде басылымда 2002 жылдан бері журналист болып қызмет етіп келе жатқан еңбекқор, талантты журналист Гауһар Тұрсынқожа да сондай қарапайым жан. Тәжірибелі журналист, әріптестерінің құрметіне бөленген ол осы уақытқа дейін «Мөлдір бұлақ» журналында бас редактордың орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Қарапайымдылығы мен еңбекқорлығы, шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігі оны ұжымның сенімді  тірегіне  айналдырды. Гауһар Тұрсынқожа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдап, кейін бакалавриат пен магистратураны да сәтті аяқтады. Сондай-ақ ол – Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі атанған білікті маман. Енді міне, көп жылғы еңбектің жемісі ретінде «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы болып тағайындалды. Әріптесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа лауазымда мол табысқа жетіп, шығармашылық шабыт пен тың бастамалардың ұйытқысы болуына тілектеспіз. Қаламың қарымды, ойың ұшқыр болып, журналдың абыройы мен беделін одан әрі биіктерге көтере бер! Еңбегіңе толағай табыс, сәттілік тілейміз! «Qazaqstan dauiri» газеті, «Ел Ана» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ»  журналы  ұжымдары

19.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25944
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25389
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42794
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38626
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43191