МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЕКІ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЕКІ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ
Биыл айлық есептік көрсеткіш 5%-ға индекстеліп, оның мөлшері 3 063 теңгені құрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеге дейін өсті. Сол сияқты, зейнеткерлерге жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 7%-ға артты.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов айтты. Ол аймақта 127 мыңдай зейнеткеріміз тұратынын жеткізіп, олардың орташа зейнетақысы 91 мың теңгеден асатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биылғы қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгеге дейін ұлғайған.
©️©️©️
«Былтыр Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заң актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат елімізде мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсартуға ықпал етіп отыр. Атап айтсақ, бұрын мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек адамдар өз таңдауы бойынша бір жәрдемақы алатын. Енді, аталған Заңға сәйкес 1-ші топтағы мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек адамдар, екі әлеуметтік төлемді қатар алатын болды. Бүгінде облысымызда 300-ге жуық 1-ші топтағы мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедек адамдар осы екі жәрдемақыны қатар алады», — деді спикер.
Айдынжан Жаңабердіұлы 1-ші топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтуді жүзеге асыратын адамдарға да жәрдемақы енгізілгенін атап өтті. Жамбыл облысында 4 мыңнан астам бірінші топтағы мүгедектігі бар адам тұрады.
©️
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8771
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8171
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9154
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10385