МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ РУХТЫ ЖЫРЛАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ РУХТЫ ЖЫРЛАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақ поэзиясында дара қолтаңбасымен айшықталған ақынның бірегейі кім десек, сөзсіз Мұхтар Шахановтың есімін атауға болады. Адуынды ақын биыл – 80 жасқа толды. Осыған орай жақында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы мен аудандық кітапхананың «Оқитын ұлт» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданында «Халқы Мұхтар Шахановтың рухты жырлары дәріптелді сүйген қаламгер» атты аудандық байқау өткізілді.

Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлерінен барлығы 10 үміткер қатысты. Үміткерлер «Өлеңім – өмірімнің айнасы», «Ұлт рухының шырақшысы», «Мұхтар шығармашылығының рухани арналары» кезеңдері бойынша бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы мен жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігін, тілі мен ділін, дәстүрін нығайту бағытындағы жастардың белсенділігін арттыру, жастар арасында қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыра отырып, жас ұр-паққа патриоттық тәрбие беру. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі І орынды Қарақат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Камшат Шабеева, жүлделі ІІ орынды аудандық кітапхананың кітапханашысы Айымжан Сәлімжан, жүлделі ІІІ орынды Құлан ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Егембердиева иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
Қордай ауданының әкімдігі - 18.08.2022 12
Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Әлижанұлы - 18.08.2022 34
Жамбылда биыл 22 890 оқушы 1-сыныпқа барады
Тараз Жиырма Төрт - 18.08.2022 11
Шерхан және Мұсатай
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 17.08.2022 158
Әбілқайыр хан және Күсеп батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.к. - 11.08.2022 312
Сіз қандай қариясыз?
Мақұлбек МАЛДАРБЕКОВ, Қазақстанның құрметті журналисі - 11.08.2022 324

Топ жаңалықтар

1
Руслан Жақсылықов Мәскеуге барды
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 65
2
Әсерлі саяхат
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-08-18 46
3
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 67
4
Қазақстан Еурокубоксыз қалды
Show more
Рауан Мутаир - 2022-08-17 149
5
Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығы
Show more
Ермек Сахариев - 2022-08-17 140