МЫҢ МАМАНДЫҚ БАР, ТАҢДАП, ТАЛҒАП БІРІН АЛ

МЫҢ МАМАНДЫҚ БАР, ТАҢДАП, ТАЛҒАП БІРІН АЛ
Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінде мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету мақсатында ауданымыздағы әр сала мамандарының қатысуымен «Мың мамандық бар, таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында кездесу өтті. Оған мектептің 8-10 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Іс-шараны жүргізіп отырған мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Баян Қариева кеш қонақтарымен таныстыра келе, жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандық адамның психологиялық мінезіне сәйкес келуін және мамандық таңдау жасөспірім шақтағы маңызды қадам екенін алға тартты.
Жиынның ашылуында сөз алған мектеп директорының міндетін атқарушы Нұржан Сәденов мамандықты дұрыс таңдап, сол жолда білімді жетілдіру керектігін айта келе, осы ретте ауданымыздың әр саласында білімі мен таза еңбегінің арқасында қызмет етіп, жетістікке жеткен белді азаматтарды шақырып отырғанын жеткізді. Оқушыларына «осы кісілермен сұхбаттасу арқылы өмірлік тәжірибесі, айтқан деректері бағытында болашақта өз мамандықтарыңызды таңдайсыздар» деген ниетін де айтты.
Іс-шара қонағы, аудандық мәслихаттың депутаты Қанат Көшербаев: «Бала күнімізде бәріміз ғарышкер, заңгер болғымыз келді. Уақыт өте келе таңдауымызды өзгерттік. Әр адам мамандық таңдар алдында – туған жерге қызмет етемін деген мақсат қоюы керек. Менің негізгі мамандығым педагогпсихолог. Қазіргі уақытта кәсіпкермін. Ал бұл салаға келмес бұрын, Педагогикалықпсихологиялық түзету кабинетін басқарған Нұржан ағайдың қоластында 3 жыл психолог болып жұмыс істедім.
Негізі мамандықтың жаманы жоқ. Қандай мамандық таңдасаңыздар да сүйіспеншілікпен қызмет етсеңіздер жемісті болады. Ал қыз бала үшін ең жақсы мамандық ұстаз, дәрігер болу деп ойлаймын. Заңгер де, ғалым да барлық еңбек адамдары бас иетін, ұстаз мамандығы – ең мәртебелі мамандық»- деді Қанат Доғдырханұлы.
Аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Нұрболат Дүйсенов мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеудің маңыздылығына тоқталды. «Қай саланы таңдаса да әркім өз қызметін сүйсініп атқарса, нәтиже шығады. Өзімнің анам ұстаз болып қызмет атқарды. Бүгінде тәлім-тәрбие берген шәкірттері лауазымды қызметтер атқаруда. Қазір Астана қаласында тұратын Көрпеш Байжарасова әпкей ұстазым болды. Жақында ғана хал-жағдайың сұрап, кездесіп қайттым.
Ал менің алғашқы мамандығым электрик етін. Ол салаға ата-анамның қалауымен келдім. Кейін бұл мамандық өзіме ұнамағандықтан, «Көкшетау» техникалық институтында 3 жыл оқып, бүгінде өзім қалаған өрт сөндіру бөлімінде жемісті еңбек етудемін. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлікпен тең. Еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны Көкшетау қаласында орналасқан және оқу түрі тегін, кепілді жұмысты да қамтиды. Ол оқу орнына түсу үшін физика, математика пәндерін таңдау керек. Елімізде техник, механик мамандары тапшы болғандықтан, осы салада оқуға кеңес берер едім. Ауылдың өзінде қаншама жастар бар, дипломдары болса да, жұмыс таппай жүрген. Сөз соңында айтарым, ең бастысы таңдаған мамандық өз көңілдеріңізден шықса болды»–деді Нұрболат Жаханұлы.
Аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық сапа жөніндегі орынбасары Бағлан Жүнісбеков:
–Ауданымыздағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін 2008 жылы аяқтаған соң, Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне тіс дәрігері мамандығына оқуға түсіп, оны 2014 жылы тәмамдадым. Оқуды үздік аяқтап, туған жерге еңбек етуге келгенде жеке кабинетім болса деп сұрадым. Сөйтіп бас дәрігердің қолдауымен стамотолог дәрігердің қалыпты жұмыс істеуі үшін керекті құралжабдықтар алынып, ескісі жаңартылды. Биыл қызмет еткеніме 10 жыл толды. Бүгінде аудан бойынша түрлі асқынған тіс ауруларын емдеп, кіші ота да жасаудамын. Барлық арман, мақсатым – осы Мойынқұм жеріне қызмет ету.
Бала күнімде мал дәрігері болып еңбек еткен әкемнің қолына ұстап жүретін қоңыр сөмкесіндегі шприцтерін үйде жоқ кезінде алып, дәрігер болып ойнайтынмын. Сөйтіп жүріп қолыма ине қадап алған кездерім де болды. Сол бала күнгі арманым жетелеп, осы қызметке алып келді –дей келе, қай саланы таңдаса да әр адамға мамандығы өзіне ұнап, әрі мамандығының үздігі болуға талпыну қажеттігін тілге тиек етті.
Қызылотау ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Жақсылық Көбенғараев, аудандық «Мойынқұм таңы» газеті бас редакторының орынбасары, осы жолдардың авторы, ауыл дәрігері Нұрбек Көшкінбайлар өмірде дұрыс мамандық таңдаудың қаншалықты маңызды екені туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Сондай-ақ жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырын арнайтындықтарын айтты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбану Әбдіқашева да ізгі тілегін білдірді.
Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерінің толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА, «Мойынқұм таңы»
06.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550