Н. Нұржігітов: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс

Н. Нұржігітов: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Тубаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел-тергеу бағыттарында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.  Ал, «Jambyl — Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова тұрмыстық жемқорлықпен күрес, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шараларға тоқталды.

Ағымдағы жылдың бес айында 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен шарттарын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және кешенді сыртқы талдаулар жүргізіліп отырады. Талдау қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы 51 нұсқама берілген.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Оның нәтижесіне сәйкес Мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 252,6 млн.теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген.

Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептерін жан-жақты талдап, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді,  алдын-алу жұмыстарын күшейтуді, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілер үшін жүйелі түрде дәрістер мен семинарлар өткізуді, тиісті департамент пен облыстық басқармалар арасындағы өзара байланысты арттыру шараларын қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, «Jambyl – Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің  бұрынғы форматын қайта қарастыруды жүктеді.

– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, онымен жұмыла күресу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мектеп қабырғасынан бастау керекпіз. Ең алдымен, өскелең ұрпақтың санасына сыбайлас жемқорлыққа деген жеккөрушілік ұстанымын сіңіру маңызды, – деді облыс әкімі.

Басқосу барысында Нұржан Нұржігітов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы бірқатар басқарма басшыларының есептерін тыңдады.

  

 

Жамбыл облысы әкімдігі
03.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 405
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666