Н. Нұржігітов: Жергілікті билік халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет

Н. Нұржігітов: Жергілікті билік халықпен тиімді кері байланыс орнату қажет
 

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына әлеуметтік желіде белсенділіктерін арттыру,  өтініштер мен сұрақтарға уақытылы, сапалы жауап беру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйеленіп, тиісті нәтижеге жеткенше әр апта сайын аймақ басшысының төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестің күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде қаралуда.

Кезекті басқосуда да кері байланыстың маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды.

Жиында облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы баяндама жасап, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желідегі белсенділігі, тұрғындармен кері байланысы бойынша жүргізілген талдау қорытындысына тоқталды.

Ол әлеуметтік желіде жазылған кейбір шағын мәселелерге аудан, қала, басқарма көлемінде тиісті жауап берілмеген соң облыс әкімінің, республика деңгейінде  көтеріліп жататынын жеткізді.

«Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ жетекшісі Бақкелді Тұрсынбек күнделікті жамбылдықтардан түсіп отырған өтініштердің мазмұны мен жауап берілу барысына тоқталды. Кешіктірілген өтініштер мен немқұрайлы қарағандар туралы баяндады.

Облыс әкімінің жақында тағайындалған кері байланыс жөніндегі кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков әлеуметтік желідегі өзекті мәселе көтерген жазабаларға шолу жасап, оларға берілген жауаптардың сапасына назар аудартты.

Нұржан Нұржігітов кемшіліктер бойынша қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жауаптар алып, кері байланысқа салғырт қарамау керектігін ескертті. Бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын атап өтіп, апта сайын саралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыру үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
27.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 115
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 81
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 443
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 406

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9103
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8501
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11728
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9494
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10710