Нақты нәтиже мен ілкімді іс бар жерде ғана даму болады

Нақты нәтиже мен ілкімді іс бар жерде ғана даму болады
 
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл келелі жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындап берді. Атап айтқанда, ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері.
Президент мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуіне баса назар аударды. Бұл орайда, елімізде тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау жүргізілмек. Яғни, қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қолға алынбақ.
Сонымен қатар, Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырды. Бұл ретте, «Аmanat» партиясының тәжірибесін ерекше атап өтті. Өңірде 160-тан астам ауыл әкімін халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өткізген болатынбыз. Ол оқыту барысында ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренуіне ықпал еткенбіз. Президент тапсырмасымен бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қай салада болмасын нақты нәтиже керек екенін баса айтты. Себебі, нәтиже бар жерде ғана даму болатыны ақиқат.
Дауыл Ынтықбайұлы
30.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 40
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 114

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381