Нашақорлықтың таралуы Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсысымызға әсер етуі мүмкін.
Нашақорлықты тудыратын жағдайлар – шиеленістің күшеюі, стрестік жағдайлар, белгісіздік, тұрақсыздық. Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне соқтыратын, оны тұрақты түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар. Көпшіліктің арасында өмір сүретін нашақор жеке өзіне ғана емес, басқалар үшін де зор қауіп төндіреді. Көбіне нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғам арасында қатыгез бола бастайды. Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстарға, әсіресе ауыр қылмыстарға бірден-бір себепші болып табылады. Жалпы нашақорлық ұлттың физикалық және моральдық денсаулығы үшін өте қауіпті. Ұрпақтарды генетикалық азғындатып, нашақорлықтың салдарынан СПИД, гепатит, басқа да жұқпалы аурулар таралады.
Есірткіге тәуелділік есірткі заттарды қолданудан болатын дертті білдіреді. Бұл ол гректің «ступор» және «ессіздік, ынта» сөздерінен туған. Яғни нашақор адам есірткі туралы үнемі ойланып, психикалық ыңғайсыздықтан арылу үшін оларды кез келген әдіспен алуға тырысады. Сөйтіп адамгершілік шекарасынан аттап, ақырында ол жағдай отбасының және достарымен қарым-қатынасының бұзылуына әкеледі. Нашақорлықтың алдын алу шараларын істемесе, ол нашақорға да, оның жақындарына да айтарлықтай зиян келтірмек.
Есірткі адамның миы мен психикасын ақырындап зақымдайды. Осыдан келіп ми мен жүйке жүйесінің дисфункциясына байланысты ішкі ағзалар әлсірей бастайды. Кокаин, морфин мен кейбір басқа да есірткілерді қолданып жүретін адамдардың өмірі қысқа болады. Олар ақыл-ойдың жұмыс істеу қабілетінен айырылады. Иммунитеті төмен болғандықтан, нашақорлар денсаулығының ауыр жағдайларын бастан кешіреді. Сондықтан да ұзақ өмір сүрмейді. Нашақордың есіл-дерті тек қана есірткі табу болғандықтан, жұмысынан, достарынан, отбасынан айырылады. Қоғам үшін ол адам мүлдем пайдасыз болып қала бермек. Гомосексуализм және жезөкшелік те осы нашақорлықтың кесірінен туындайды. Нашақорлықтың «әлеуметтік жұқпалы ауруының» бірі – әрбір нашақор өзінің артынан бірнеше адамды есірткіге тартқысы келіп тұрады. Есірткіні ұзақ уақыт қолдану кесірінен едәуір қаражатты қажет кетеді. Сол қаражаттың болмауынан нашақорлар көбінше өз отбасынан, жақындарынан, достарынан ақша алып жатады. Ал кейде тіпті қаражаттың жоқтығынан жиі қылмысқа да барады.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сақтап, сатып, таратушыларға өте ауыр жаза қолданылады. Өкінішке орай, заңнан қорқып, аяғын тартып жатқандар тым аз. Қазіргі кезеңде олар көбеймесе азаймай тұр. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде нашақорлықтың ауыр дерт екенін және нашаны тұтынып, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтау үлкен өкініш пен ауыр қылмысқа соқтыратынын қалың бұқараға талмай түсіндіріп, ескертіп отыру маңызды.