НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ ЖАСТАРДЫҢ ЕСІН АЛЫП ТҰР

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ ЖАСТАРДЫҢ ЕСІН АЛЫП ТҰР

Астанада нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасып жатыр. Әсіресе жастар мен жасөспірімдерді есірткінің заңсыз айналымына тартудан қорғауға, сондай-ақ синтетикалық есірткі дайындайтын нарколабораториялардың қызметін анықтап, жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Қабылданып жатқан шаралар туралы қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еркеш Қалықов баяндады.

Спикердің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елордада 797 есірткі құқықбұзушылығы тіркелген, оның ішінде 238-і – сату фактісі. Заңсыз айналымнан 406,5 келі есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 37 келі синтетикалық заттар бар.

Астанада прокуратура мен Полиция департаментінің үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналған айлық жалғасып жатыр. Негізгі көңіл ірі есірткі жеткізушілерін әшкерелеуге, нарколог-дәрігерлер мен Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен жастармен профилактикалық кездесулер өткізуге бөлінуде.

Сонымен қатар, ПИК (МИБ) және көпқабатты үй тұрғындарымен өзара іс-қимыл жандандырылды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға үндеу жасайды: егер есірткіні сақтау немесе сату фактілерін байқасаңыздар, бірден Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына немесе «102» арнасы арқылы хабарлаңыздар.

«Есірткі жарнамасы желіде ерекше проблема болып отыр. Әлеуметтік желілерде күн сайын жасырып кету туралы хабарландырулар, сондай-ақ интернет-дүкендердің мекенжайлары көрсетілген граффити суреттері жарияланады. Бүгінде есірткіні «байланыссыз тәсілмен», яғни қарапайым іздеу жүйелерін қолданып сатып алуға болады. Мұндай контентті анықтау және бұғаттау үшін интернет кеңістігін күнделікті бақылайтын арнайы мониторинг тобы құрылды.

Полиция департаментінің бастамасымен «Smart Astana» платформасында «Өтініш жібер – Есірткіге жол жоқ!» қосымшасы іске қосылды. Ол қала тұрғындарына есірткі жарнамасы мен сату орындары туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Барлық өтініштер полицияға түсіп, қысқа мерзімде тыйым салынған ақпаратты жою, граффити мен жапсырмаларды өшіру бойынша шаралар қабылданады. Нәтижелері туралы өтініш берушіге арнайы Telegram-арна арқылы хабарланады», – деді спикер.

Тек 2025 жылдың басынан бері елордада 600-ден астам есірткі жарнамалаған сайт бұғатталды. Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 299-1-бабы (есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша 11 қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын іске асыру мақсатында елорда әкімі «Астана – есірткісіз қала» іс-шаралар жоспарын бекітті.

Осы жоспар аясында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, еріктілер мен жастар қозғалыстарының, спорт бірлестіктерінің бірлескен жұмысы ұйымдастырылуда. Тек биылдың өзінде Астанада 460 профилактикалық шара өткізілді: мектептер мен университеттердегі кездесулерден бастап, спорттық акциялар мен қоғамдық науқандарға дейін.

«Есірткі қатеріне қарсы күрес кешенді тәсілді талап етеді, яғни мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруді қажет етеді.

Полиция мен елорда әкімдігі атап өткендей, тек тұрғындардың, жастар ұйымдары мен азаматтық белсенділердің белсенді қатысуы арқылы ғана қоғамда есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға болады», – деп түйіндеді спикер.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17808
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17662
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32848
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31416
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35089