Наурызбай ауданы – Алматыдағы ең жас аудан, оның барын әлі де көбі біле бермейді. Бұл әкімшілік-аумақтық бірлік 2014 жылы мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында құрылған. Бұл Қарасай, Әуезов, Бостандық өңірлерінің жерлерін қосып алған соң болды. Аумағы 6967 га. Наурызбай ауданына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Қалқаман шағын аудандары кіреді. Қазіргі таңда ауданның мегаполисі тұрғын үй салу есебінен кеңейіп келеді.
2015 жылы аудан құрылғаннан бері, 7 орта мектеп пен 15 балабақша ашылған. Аудан мектептерінде оқушыларға орын тапшылығы қатты сезілді. 157 мектепте бастауыш сыныптарда оқыту үш ауысымда жүргізілді. Аудандағы мектептерде толып кетуді азайту мақсатында 2016 жылдан бастап 157 мектептің бас ғимаратына қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, 7 жыл ішінде (2016-2023 жж.) мемлекеттік меншіктегі 3 балабақша мен 100-ге жуық жекеменшік шағын балабақша, әртүрлі меншік нысанындағы 18 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Білім беру саласында шағын кәсіпкерлік өте жақсы дамып келеді. Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 25 орта мектеп пен 127 балабақша жұмыс істейді.
Ауданда тұрғын үй алқаптарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, бүгінгі таңда оқушылар орнының тапшылығы сезіліп, Қалқаман, Қалқаман-2, Қарғалы шағын аудандарында жаңа мектептер салу қажет. Атап айтқанда №157, №174, 206 және 207 мектептерде жобалық қуаттылығының 2,5 есе артық жүктемесі байқалады.
Наурызбай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Конеева В.И
Наурызбай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналықбақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді сақтау бөлімінің бас маманы Асимова М.К