Алматыда жаңа кәріз коллекторы салынады
Алматының Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 км батыс коллекторы салынады. Бұл туралы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.
8 шағын ауданда коллектордың болмауына байланысты 2017-2023 жылдары салынған 122,3 км кәріз желілері істен шыққан.
Бұл мәселені шешу үшін батыс коллекторының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, ол Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының 130 мың тұрғынына, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданының 20 мың тұрғынына орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың қарашасында басталып, 2026 жылдың қарашасында аяқталады.