Негізгі мақсат – мемлекеттегі заңдылықты сақтау

Негізгі мақсат – мемлекеттегі заңдылықты сақтау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында құзырлы органға «Прокуратура туралы» жекелеген Конституциялық заңды қабылдауды тапсырған болатын. Бас прокуратура әзірлеген «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жуырда, яғни 15 қарашада қолданысқа енгізілді. Бұл заң прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге және жоғары қадағалау органын жаңғыртуға, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған. Заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктер нығайтылған.
Бейсенбіде аудандық прокуратураның аға прокуроры Жазира Миралиева қолданысқа енгізілген заңды заң қызметкерлерімен кеңінен талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, қатысушыларға мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндірді.
– Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Сондықтан да жоғары қадағалау заңдылықты сақтаудың тиімді құралы ретінде конституциялық мәртебесі бар заңмен қамтамасыз етілуі қажет. Жаңадан қабылданған «Прокуратура туралы» Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Прокуратура қызметінің басты мақсаты – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде қорғап, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты нығайту десек, Конституциялық заңда прокуратураның барлық жүйесі, ал жеке бапта прокурорлардың өкілеттіктері көрсетілген. Сонымен бірге бұл заң прокуратура органдары ведомстволарының, құқық қорғау органдары Академиясының, әскери және көлік прокуратураларының қызметіне қатысты олардың негізгі функциялары көрсетілген ережелерді қамтиды. Еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық міндетті шешуге бағытталады, – деген аға прокурор прокуратура жұмысының негізгі мақсаты мемлекеттегі заңдылықты сақтау екендігін айтты.
Басқосуда аудандық прокуратураның прокуроры Сабина Тоқыбаева және өзге де қатысушылар Конституциялық заң жайында ой бөлісіп, пікір білдірді.
Ильяс Қалыбекұлы
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 20
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 29
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1018
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7064
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10912
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7133
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7275