Ноғайбай ауылында жер дауы өршіп тұр

Ноғайбай ауылында жер дауы өршіп тұр

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Ноғайбай ауылының 286 отбасы өз пайларынан айырылып, жерсіз қалғандарына он бір жылдың жүзі болған. Оған «Казэксим групп» компаниясы жалған хаттама арқылы БТА банкке ауыл тұрғындарының пай үлесін кепілге қойып жіберуі басты себеп екен. «Жығылғанға жұдырық» демекші, ол аздай, банк ауыл тұрғындарының жерлерін аукционға шығарады. Аукцион туралы ауыл тұрғындарына ескертпеген, ол өрескел заңбұзушылық дейді ауыл тұрғындары. Осы кезде жергілікті сот орындаушылар іске араласып, бес мың гектардан астам егістік жерді тоқсан екі жастағы Қордай ауданының тұрғыны Дильда Шынтасова жиырма үш миллион теңгеге бағалап, қырық тоғыз жылға пайдалануға сатып алады. Бір таң қаларлығы бес лот бойынша жүрген аукцион санаулы секундтар арасында жүргізіліп, бір адамға берілген. Кейін белгілі болғандай, жерді нақ иеленушісі «Аврора» шаруа қожалығының бастығы Жанырхан Шынтасов Дильда Шынтасованың баласы болып шығады. Жеке кәсіпкер алған жерін құр жатқызбай егін егіп, жемісін жей бастайды. Алғашында пай үлестерін сұраған ауыл тұрғындарына садақа есебінде дивиденттерін екі рет берген көрінеді. Діндар адамның садақа есебінде бергені ауыл тұрғындарына ұнамайды. Олар өз жерлерін даулап сотқа арызданады. Бірақ сот оларды үшінші тарап ретінде қабылдайды. Сағызша созылған сот әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ал кезінде жерді аукцион арқылы сатып алған Дильда Шынтасова бақилыққа аттанады. Мұрагерлікті әлі алмаған Жанырхан Шынтасов «нотариустар сот ісіне араласқысы келмейді» дегенмен түсіндірді. Екі қолға бір күрек таппаған ауыл тұрғындары жан-жақта босып жүр. «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған кезде Ноғайбай ауылының тұрғындары енді мәселеміз шешілетін шығар деп үміттенген болатын. Алайда оларға жазған арыздың соңы жергілікті прокуратура жауабымен ғана шектеледі. «Балық басынан шіриді» демекші, бұл даудың артында кезінде халық ақшасын жеп кеткен үлкен шенділер тұруы әбден мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге қатысты арнайы барып тиісті адамдармен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың жанайқайларын тыңдап қайттық. Алдағы уақытта бұл журналистік зерттеуімізді ары қарай жалғастыратын боламыз.

Президентіміздің жер мәселесінде латифундистердің жергілікті халыққа жасап жатқан әділетсіздіктерді тоқтату жөніндегі пәрменін орындаудағы болып жатқан келеңсіздіктер жетерлік. Аудан әкімі М.Мұсаевтың мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудағы халыққа көрсеткен қолдауларын базбіреулер түсінбеген сыңайлы. Әкім өз тарапынан оларды сотқа берді. Алдағы уақытта әділ түрде шешіледі деген сенімдеміз. 

Мирболат МЫРЗАТАЙҰЛЫ
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 128
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 128
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9387
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613