НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «GLOBAL TEXTILE GROUP» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «GLOBAL TEXTILE GROUP» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Global Textile Group» компаниялар тобының жетекшісі Музаффар Разаковпен кездесіп, мақта кластерін дамытуға бағытталған жобаның жүзеге асу барысын талқылады.
✔️Өзбекстанның мақта-тоқыма кластерімен айналысатын ірі компанияларының бірі «Global textile» Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тоқыма фабрикасы мен логистикалық орталық ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Шетелдік компания 2000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын 5 ірі кәсіпорынды іске қосады. Жоба құны – 21 млрд.теңге.
✔️«Global textile Turkistan» жобасы аясында логистикалық орталық, мақта өңдеу зауыты, тоқыма фабрикасы, бояу, иіру цехтары мен тігін фабрикалары іске қосылады. Жылдық қуаттылығы 13,8 мың тоннаны құрайтын мақта өңдеу фабрикасы салынады. Дайын өніммен ішкі нарықты қамтып, Еуропа мемлекеттеріне экспорттау көзделген. Өндірісте Швейцария елінің технологиясы қолданылады.
📌Фабрикаға қажетті инфроқұрылымдармен қамту үшін жол карта әзірленген. Облыс әкімі бірлескен жобалардың жоспарға сәйкес жүзеге асырылатынын, оның барысында әкімшілік тараптан жан-жақты қолдаудың жалғасатынын жеткізді.
📌Компания 2024 жылы «Наманган-77» тұқымдық шитін алып келді. Шаруалар тарапынан 3,2 мың гектар егістік алқабына мақта егіліп, мол өнімге қол жеткізілді. Сонымен қатар мақта дақылын қабылдау үшін жылдық қуаттылығы 10 мың тонна мақта қабылдау бекетінің құрылысын аяқтады.
📌Жергілікті шаруалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылуда. Өзбекстаннан арнайы агроном мамандары егу, жинау маусымында диқандармен тәжірибе алмасуда. Жоспарға сәйкес 2027 жылы тоқыма фабрикасы іске қосылады.
📌«Global textile» компаниясы – мақтадан иірілген жіп, мата және киім тігуге дейінгі кластерді толығымен қамтитын өндіріс алыбы. Қазіргі уақытта компанияның Ташкент пен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорнында барлығы 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 206
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 147
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 79
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 157
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 76

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14419
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13210
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16489
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15375
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20431