НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өңірді, ауданды дамыту бағытындағы жоспарларын айтты.
📌– Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өздеріңізбен кеңесе отырып, ауданды әрі қарай дамыту бағытындағы ұсыныс, талаптарыңызбен танысу маңызды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, ифрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Төлеби ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсем, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауданда 2024 жылы 21 елді мекенде құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 13 елді мекендегі 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 8 елді мекенде электр желілерінің құрылысы толық аяқталды. Қостөбе елді мекенінде мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Көксәйек саз мектебінің қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Төлеби ауданының туристік және экономикалық әлеуеті өте жоғары. Инвестиция тарту, туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік бар. Осы бағытта жұмысты күшейту керек, – деген Нұралхан Көшеров аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастырып, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
✔️«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы 59 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылып, биылғы жылы 482,7 млн. теңгеге 72 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 15 маманға 5,9 млн. теңге көлемінде бірреттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 36,9 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 22,4 пайызға, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,8 пайызға өсті. Инвестиция мен құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайған.
✔️2025 жылы Төлеби ауданындағы 11 елді мекенде құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылады. 8 елді мекендегі 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу үшін 505 млн. теңге қарастырылды. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданда 14,1 млрд. теңгеге 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
✔️Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың жыл қорытындысы мен биыл атқарылатын жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.
✔️Кездесу барысында тұрғындар тарапынан облыс әкіміне инфрақұрылым және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өтініштер түсті.
✔️Одан кейін өңір басшысының жеке қабылдауы өтіп, тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдар назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
31.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805