Партияның «Кездергісіз келешек» жобасы еліміз мүмкіндігі шекетеулі жандар үшін кедергісіз кеңістікке айналуын мақсат тұтады. Осыған орай ағымдағы жылы облыс көлемінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол Картасындағы 84-85 тармақтар бойынша 258 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделу үстінде.
Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын зерделеу мақсатында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері осы салаға жауапты қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен рейд өткізді.
Рейд тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау және оны жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатқан бірнеше нысан жұмыстарының барысымен танысып, кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар айтты.
Атап айтқанда пандустардың жабындысын орнату, биіктік бұрыштарының талапқа сәйкес болуы, ерекше жандарға арналған арнайы дәретхана, зағиб және құлақ есту мәселесі бар азаматтарға арнайы тактильді жолақтар және есіктердегі арнайы белгілер ілу бойынша тиісті ұсынымдар айтылды. Аталған нысандарды бейімдеу жұмыстары аяқталғанша партияның бақылауында болмақ.