Облыс әкімі ауылдықтармен кездесіп, шаруалардың жұмысымен танысты

Облыс әкімі ауылдықтармен кездесіп, шаруалардың жұмысымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар жеке қосалқы шаруашылықтарды аралады. Алдымен аймақ басшысы Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Құрамында Көкарық және Еңбекші ауылдары бар окгугте 2 мыңнан астам тұрғын бар. Жергілікті жұртшылықтың негізгі кәсіп көзі - егін және мал шаруашылығы. Кездесуде ауылдықтар тарапынан түскен сұрақтарға аймақ басшысы облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді. Айта кетейік, аталған ауылдық округ «Ауыл аманаты» жобасына енген болатын. Округ тұрғындары аталған жобаның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, игілігін көре бастағандарын ризашылықпен жеткізді. Облыс әкімі жобаға енген ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу қолға алынатынын жеткізді. Дәл осындай кездесу Луговой ауылдық округінде өтті. Облыс әкімі округтегі сапар соңында «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған бірнеше азаматтардың шаңырақтарына арнайы барып, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Өткен жылы құрылған «Сансызбаев» жеке кәсіпкерлігінде бүгінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруашылық басшысы Азат Нұрматұлы жоба аясында 7 миллион теңгеге қол жеткізіп, 25 бас қой мен 18 бас сауынды сиыр сатып алған. Ал Гаухар Қыдырова болса, 6 миллион несие алып мал бордақылау ісін дамыту үстінде.   Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарының соңында Өрнек ауылдық округіне қарасты «Ернар» шаруақожалығының меншігіндегі егістік алқабында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Шаруа қожалықтың төрағасы Рысбек Рахматилдаевтың айтуынша, қазіргі таңда дақылдарды отырғызу жұмыстары басталып кеткен.  Сондай-ақ ол қазіргі таңда өздерінің 25 техникасы бар екенін айтып, шаруашылыққа қажетті техника санын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды. Айта кетейік, өткен жылы облыста су үнемдеу технологиялары 50,9 мың гектар жерге енгізілсе, оның 34,8 мың гектарына тамшылатып суару, 16,1 мың гектарына жаңбырлатып суару әдісі пайдаланылған. Ал, ағымдағы жылы суды үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемін 57,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.  Мұнда облыс әкіміне ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Аудан аумағында биыл егістік алқап 5500 гектарға артуда. Көктемгі дала жұмысына барлығы 445 трактор жұмылдырылған. Өткен жылы техника 13 пайызға жаңарған. Аймақ басшысы жергілікті шаруалармен кездесіп, мемлекеттік қолдаулар барлық ауылға жететінін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611