Облыс әкімі Қордай ауданының даму жоспарымен танысты

Облыс әкімі Қордай ауданының даму жоспарымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданының даму жоспарымен танысты.

Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаев атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер, жоспарлы жобаларға жан-жақты тоқталды.

Оның айтуынша, аудандағы елді мекендердің газбен қамтылу үлесі 83 пайыз, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі 78 пайызды құрайды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдар үлесі 93,3 пайызға айналған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіштер 100 пайызға жетеді деп көзделуде.

Бірқатар мәселелерді шешу мақсатында 49,3 млрд. теңгені құрайтын 191 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның  121-і тұрғын үй және инфрақұрылым саласына тиесілі болса, 70-і әлеуметтік салаға қатысты жобалар.

Биыл түрлі бағдарламалар мен жобалар аясында қордайлық 389 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

Бұдан бөлек 217 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Оның сегізі ірі, 209-ы шағын жобалар.

Жиында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық,  мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар мен мәселелер көтерілді.

Облыс әкімі жоспарлағанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір 10 000 адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы қатаң ескерілуі керектігін және ол жоспар міндетті түрде орындалуы тиіс екендігін баса айтты.

Нұржан Нұржігітов Қордайда ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, алайда идеология бағытындағы жұмыстарды күшейте  түсудің маңыздылығына тоқталды.

Аймақ басшысы әр отбасының ай сайынға тұрақты табысы болу, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін ұтымды пайдалану қажеттігін жеткізді.  Әсіресе, осы орайда ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік артылатынына назар аудартты.

Кеңес барысында бірқатар мәселер бойынша аудандық бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінен жауаптар алынып, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі
29.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706