Ең біріншіден, зор сенім артқан Мемлекет басшысына рахмет айтамын және жауапкершілік жүгін сезіне отырып, сенім үдесінен шығуға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысы Жаңа Қазақстанды құру стратегиясын іске асыру, халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешуге негізделген нақты міндеттер жүктеп отыр.
Осы міндеттерді өздеріңіздің қолдауларыңызбен жемісті жүзеге асырамыз деп ойлаймын.
Облыс әкімі ретінде баршаңызбен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға дайынмын.