Облыс әкімі Жуалы ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысын тексерді

Облыс әкімі Жуалы ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысын тексерді

 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен «Топжарған» балаларды оқыту орталығына барды. Мұнда 1-11 сынып оқушыларына қосымша білім берумен қатар, 4-17 жас аралығындағы балалар үшін эстрадалық вокал, эстрадалық және ұлттық би, кескіндеме мен сурет салудан шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, орталықта жұмыссыз азаматтар 3 айлық курстан өтіп, табыс табуына жағдай жасалған.

Облыс әкімі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, азаматтарды кәсіпке бейімдеуде мұндай орталықтың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Қайрат ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысын тексерген Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға жұмыстарды осы жылдың 1 наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Б.Момышұлы ауылындағы Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінде ұлдар мен қыздарға арналған технологиялық шеберхана, робототехника үйірмесі мен стенд-зертханасы және интеллектум кабинеттері ұйымдастырылған.

Аймақ басшысы ұстаздар ұжымына оқушыларға сапалы білім беру ісіне баса назар аудару керектігін жеткізді.

Мұнан соң, облыс әкімі «Бурный сүт компаниясының» жұмысымен танысты. Кәсіпорын 2014 жылдан бастап табиғи ірімшік, сары май мен ультра жоғары термо-өңделген табиғи сүт өнімдерін Ресей еліне экспорттай бастаған. Компания 2015 жылы Қытай Халық Республикасында өткен Янлин жәрмеңке-көрмесіне қатысқан.

Серіктестік басшылығы бұл жұмыстар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың аясында жүзеге асқандығын айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі аудандағы жұмыс сапары аясында қысқы және жазғы спорттық демалысқа арналған «Қаралма» тау шаңғысы кешенінің жай-күйін көрді.

Бұл күні аймақ басшысы Түктібай ауылындағы «Злиха» шаруа қожалығына да барды.

Қожалық жетекшісі Керімқұл Бегалиев 317 гектар алқапқа картоп, арпа және көп жылдық шөп егетіндіктерін айтты. Ол өз сөзінде 10 жылдан астам уақыт бұрын шаруа қожалық 1132 тоннаға арналған картоп сақтайтын және 600 тонналық мұздатқыш орнатылған заманауи үлгідегі қоймалармен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Қазіргі таңда мұнда 900 тоннадай картоп сақталуда. Бұдан бөлек, қожалық Германия елінен әкелінген «Гримме» фирмасының картоп өсіруге және сұрыптауға арналған агрегаттарымен толықтай жабдықталған. Қожалық жетекшісі аймақ басшысынан аудан аумағында өңдеу өнеркәсібін іске қосу үшін ықпал етуін сұрады.

Облыс әкімі қожалықтың жұмысын оң бағалап, аудан басшылығына «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік» корпорациясының өкілдерімен бірлесіп, аталған мәселені шешу тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Мұнда облыс әкіміне ауданның ауыл шаруашылығы саласында және «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Жалпы, 2022-2023 жылдар аралығында ауданға қарасты Жетітөбе, Қарасаз, Қызыларық және Мыңбұлақ ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылған. Биыл тағы 4 ауылдық округ тұрғындары бұл жобаның жемісін көреді деп жоспарлануда.

Ербол Қарашөкеев аталған жоба аясында ағымдағы жылы тамшылатып суару технологиясын субсидиялау жүзеге асатынын, бұл өз кезегінде су тапшылығын шешуге оң әсер ететінін баса айтты. Аудан басшылығына бұл бағытта түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізуді жүктеді.

Облыс әкімінің Жуалы ауданындағы жұмыс сапары Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында түйінделді. Су қоймасы жобалық қуаты бойынша 158 миллион текше метр су сақтай алады. Бүгінгі таңда мұнда 50 миллион текше метр су жиналған.

Облыс әкімі қыс мезгілінде су қоймасы аумағында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажеттігін ескертіп, қажетті ылғал мөлшерін барынша жинап алудың маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 21
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 18
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 248
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8337
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548