Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды

Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды


📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді.

Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды. Бүгінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еліміздегі бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады, бұл тұтынушылардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерімен автожанармай құю стансалары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және отандық әуе тасымалдаушыларына басымдықпен қамтамасыз етілуде. Жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайды. Өндіріс көлеміне, жөнелтуге және қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Кеңес барысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін және теміржол көлігімен жеңіл дистилляттарды шығаруға тыйым салу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы қолданыста. Сонымен қатар автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген.

Сондай-ақ ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:

🟦жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу және ел қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында шекарадағы бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шаралар қабылдау;

🟦 ҰҚК Шекара қызметіне Қаржы министрлігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемасын анықтап, жолын кесу;

🟦Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін өндіру, қорлар және тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау жөнінде жедел ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

20.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25943
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25388
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42793
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43190