ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ

ӨМІР САПАСЫН  АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ

 

Елордада «Capital Health» салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық пікірталас форумы өтті. Форумға қатысушылар спортты қолдаудың және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың өзекті мүмкіндіктері мен тетіктерін талқылады.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекет, бизнес және ғылым синергиясының арқасында құрылған салауатты болашаққа, ұлттың табысы мен күшіне қол жеткізу.

«Ұлт денсаулығын нығайту кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның маңызды басымдықтарының бірі болып саналады. Біздің еліміздің құрылымы салыстырмалы түрде жас болып қала береді. 10 жылдық кезеңде тұрғындардың орташа жасы небәрі алты айға өсті. Бүгінде қазақстандықтың орташа жасы – 32 жас. Соңғы 10 жылда елдегі халық санының өсуі 34%-ға өсті. Жыл сайын 400 мың нәресте дүниеге келеді. 60 жастан асқан тұрғындардың саны 28%-ға өсті, бұл біз үшін оң тренд және сынақ болып саналады. Біздің халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы – 70 жыл, ал ерлер мен әйелдердің өлімі арасындағы үлкен алшақтық 7 жылдан асады. Әр адамның денсаулығы өзінің қолында екенін және өмір салты мен мінез-құлық факторларына байланысты екенін есте ұстауымыз қажет», – деп атап өтті форум барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Қатысушылар Медициналық және спорттық нысандарды дамытуды, спорт блогерлігін және медицина мен спорттың инновациялық технологияларын талқылады.

«Қалалық ортаның сапасы көбінесе азаматтардың өмір салты мен мінез-құлқын анықтайды. Қоғамдық кеңістіктерде, саябақ және рекреациялық аймақтарда, үй маңындағы аумақтарда сапалы және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құру азаматтарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырудың факторы болып саналады. Мысалы, елордада 18 аула клубы, 466 спорт алаңы, 5 оқушылар сарайы, 16 спорт кешені жұмыс істейді. Статистика көрсеткендей, спортпен шұғылданатын 552 мың адам бар. Қалада спортпен шұғылдану үшін оңтайлы жағдай жасалған. Әр ауданда денешынықтыру-сауықтыру кешені бар, онда балалар мен ересектер кәсіби нұсқаушылардың жетекшілігімен спорт секцияларында әртүрлі спорт түрлерімен (40-қа жуық спорт түрлері бар) тегін айналыса алады», – деп бөлісті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Спикердің айтуынша, елордада медициналық туризм ең перспективалы бағыттардың бірі болып саналады. «Қалада халықаралық аккредитациядан өткен 7 клиника жұмыс істейді. Медициналық туризмді ілгерілету үшін қала әкімдігі қауымдастық құрды, оның құрамына еліміздің 46 клиникасы мен медициналық ұйымдары кірді», – деп атап өтті Н. Әлмұханов.

Іс-шараға 3000-ға жуық қатысушы қатысты. Форум 6 шілде күні де жалғасты. Астана күнін мерекелеу құрметіне орай кіру тегін болды. Іс-шараны өткізуге Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6327
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5765
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8961
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6759
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7964