Ауданымыздағы Жаңатас қалалық балалар өнер мектебі музыка және көркемөнер бағытында қосымша білім беретін өнер ордасы.
Аталған өнер ордасы оқушыларға домбыра, қобыз, баян, вокал, фортепаниодан сабақ беріп, осы бағыттарда үйретіп, дайындайды.
Сонымен қатар, өнер мектебінде сурет салу, қолөнер бойынша «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөлімі жұмыс істейді.
Мектептің Ұ. Сыздықбайұлы және Ақтоғай ауылдарында бөлімшелері ашылған.
Бұл мектептің оқушылары барлық бағыт бойынша облыстық, републикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданының 95 жылдығы аясында Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің «Өнеріңді туған халқыңа арна» атты есеп беру концерті өтті.
Есеп беру концертіне аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Концерт басталмас бұрын Еркебұлан Нұрғалиұлы бастаған мекеме басшылары мен көрермендер өнер мектебі ұйымдастырған «Шексіз қиял» атты көркемөнер көрмесін тамашалады.
Бұдан кейін, мектептің оқушыларынан және өмірін өнермен ұштастырған өнер мектебінің мұғалімдерінен құралған хор және домбырашылар, қобызшылар ансамбльдері, квартеттер өз өнерлерін көрсетсе, жекелеген оқушылар әр түрлі аспаптарда ойнап, өнерлерін көрермендерге ұсынды.
Жиналған көпшілік өнер мектебінің өнерін үлкен ықыласпен тыңдады.
Әсіресе, осы мектептің қазақ ұлт-аспаптар орекстрінің өнеріне дүркін-дүркін қол соғып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Мектеп директоры Нұрлан Байділдаев жетекшілік ететін қазақ ұл-аспаптар оркестрі Республикалық, халықаралық байқаулардан бас жүлде иеленіп жүрген, ауданымыз бен облысымыздың мақтанышы.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов сахна төріне көтеріліп, өнер мектебінің ұжымына алғысын білдірді.
Көптеген ірі байқаулардың жеңімпазы атанып, аудан мақтанышына айналып жүрген өнер мектебінің ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, өнерлі оқушыларды Алғыс хаттармен марапаттады.