«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ ДҮРКІРЕП ӨТІП ЖАТЫР

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ ДҮРКІРЕП ӨТІП ЖАТЫР

«Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атануына орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жалғасын тауып отыр. Сәуір айында алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының өнерпаздары ашқан болатын. Шара ұлттық өнерімізді дамыту және Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған фестиваль сәуір-қыркүйек айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі күндері өтіп келеді. Онда аудан-қалалардан келген өнер ұжымдары түркістандықтар мен қала қонақтарына өнер көрсетеді. Одан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылуда. Өнер фестивалі барысындағы байқауда ұлттық салт-дәстүр, ән-жыр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанып жатыр. Ал аптаның сенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында әрбір аудан-қала көрермендерге мерекелік Гала-концерт ұсынады. Онда халық шығармашылығының жанрларынан театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. Оның ішінде ән-би, күй, айтыс, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық және фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер бар. Фестиваль соңында бас жүлдеге ие болған өңірге арнайы дайындалған ауыспалы «Өнерлі өлке» статуэткасы тапсырылады. Одан бөлек, бас жүлдеге ие болған аймаққа – «Газель» автокөлігі, І орынға – жеңіл автокөлік, ІІ орынға – дыбыс жазу студиясы, ІІІ орынға музыкалық аппаратуралар мен аспаптар табысталады.

ҚАЛАНЫҢ ТЕРЕҢ ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ЖӘДІГЕРЛЕР ҰСЫНЫЛДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы болды. Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі қаланың терең тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті. Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздар мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Арыстың дарқан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлылық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда өркен жайып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды. Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, өнерпаздар сахналық қойылымдар қойды. Осылайша, Арыс қаласының Түркістан қаласындағы мәдени күндері ашық деп жарияланды. Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін екі күн бойы паш етті. Мерекелік концерттік бағдарламалар аясында этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Екі күнге созылған бағдарлама Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде арыстық өнерпаздардың қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды. Мерекелік шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, Ербол Байырбеков бастаған танымал өнер жұлдыздары түркістандық көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ МЕН КІТАП КӨРМЕСІ ЖАСАҚТАЛДЫ

Дәл осындай шара келесі күні Келес ауданының өнер жұлдыздарымен жалғасты. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері екі күнге жоспарланған. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады. Этноауыл кешенінен бастау алған шараға келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін сахналады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды. Рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат еткен шара ертесіне спорттық ойындармен жалғасып, кешке гала-концертке ұласты. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді. Шара барысында Сержанәлі Әлібек, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерсүйер қауым қосыла ән шырқап, әсем биімен кештің сәнін кіргізді. Айта кетейік, алдағы апталарда өнер көшін Түркістан қаласының және Жетісай ауданының өнерпаздары жалғастыратын болады.

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550