ӨҢІР БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қызылжар өңірінде  тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізілуде. Бұл бағытта облыс орталығында үлкен жұмыстар атқарылуда. Өңір басшысы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, жобаларды жүзеге асыру кезеңдерімен танысты.

Алғашқы сапар мұз сарайының құрылысымен танысудан басталды. Жақында «Жас Өркен» шағынауданында жаңа спорт нысаны ашылады. Онда мұз айдыны, бассейн, шағын футбол залы және жаттығу алаңы орналасады.

«Солтүстіктің облыстың орталығы тұрғындары мен спортшылары нысанның ашылуын асыға күтуде. Мұз сарайы қалада бұқаралық спортты дамытуға маңызды үлес қосады», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұған дейін әкім 2024 жылы өңірде 37 спорт нысаны ашылғанын хабарлаған болатын. Соның ішінде: шағын футбол алаңдары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жабық хоккей корттары, үстел теннисі орталығы.

Тұрғындарды қажетті баспаналармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, өңірде үйлер салу белсенді жүргізілуде. Облыс қазір инвестиция тартумен айналысып, коммерциялық құрылысты дамытуда.

Облыс орталығында құрылысшылар 10 көпқабатты тұрғын үй кешенін салуда. Бұл үйлер заманауи стандарттарға сай келеді. Сондай-ақ, оларға «ақылды үй» технологиясы енгізіліп, өңірдің тұрғын үй құрылысына жаңа трендтер қойылады.

Қазір Петропавлда 1,9 мың пәтерлік 17 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен салынуда. Биыл өңірде 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жылда су тасқынынан зардап шегетін Заречный кентінің тұрғындарын көшіру үшін «Копай» шағынауданында 160 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар күзге дейін баспаналы болады. 

Осы аудандағы түзету мекемесі мен мектеп те жаңа қонысқа көшіріледі.

Нұрсайын ШӘРІП

 

 

15.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 8218
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 8348
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 23354
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 21971
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 25466