Өңір педагогтарының басқосуы

Өңір педагогтарының басқосуы

 

Оралда «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Өтеғұлов өңірдің білім беру саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті.


Тамыз кеңесінің пленарлық жиынында өңірдің білім беру жүйесіндегі мәселелер талқыланды. Жиында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Темірғалиева өткен жылдың қорытындысынан хабардар етіп, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстырды.  

Облыс басшысының міндетін атқарушы А.Өтеғұлов педагогтарды өткен оқу жылында қол жеткізген табыстарымен құттықтап, жыл ішінде білім саласында атқарылған іс-шараларға тоқталды. – Жыл аясында балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, олардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, шығармашылық тұрғыда дамыту мақсаты көзделген. Облыста білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мән берілуде. Сапалы білім беруге тиісті жағдай жасау үшін жылма жыл білім беру мекемелері күрделі жөндеулерден өткізіліп келеді. Биыл 19 білім беру ұйымына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Қазіргі таңда облыста 10 үш ауысымдық және 6 апатты жағдайдағы мектептер бар. Бұл өзекті проблемаларды жою мақсатында бюджет есебінен алты мектептің құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы 16 шағын жинақты мектептің құрылысы басталды. Қазіргі таңда Орал қаласында халықтың көптеп шоғырлануына байланысты үш ауысымды мектептердің саны сақталып отыр. Осы ретте аталған мәселені шешу үшін мектеп құрылысына жеке инвесторларды тарту жұмыстары қолға алынуда. Сонымен қатар жеке мектептер ашу бағытындағы шаралар қолға алынып, өткен жылы 2 жеке мектеп ашылған еді. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табады, – деді Арман Кәрімұлы.

Жарыссөз барысында БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева білім сапасын арттыру бойынша жаңа міндеттерге тоқталса, Ә.Молдағұлов атындағы №38 мектеп-лицейінің ұлағатты ұстазы Гүлжихан Тасқарина мен жас маман Ғалия Жулкашева  «Кәсіби сабақтастық: құзырлылық пен даму қағидаты» тақырыбында диалогтық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан әрі «Stem Academia» компаниясының академиялық  директоры Мағжан Қыстаубаев сөз алып, уақыт талабына сай білім әдістері  туралы жаңалықтарды ортаға салса, Орал «Сервис» технологиялар колледжінің директоры Айгүл Искалиева еңбек нарығы және кәсіптік білім туралы баяндады. Ал Батыс Қазақстан облысы ата-аналар комитетінің белсенді мүшесі Айболат Қожанғалиев отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар жайында пайдалы кеңестерді ортаға салды. 

Салтанатты іс-шара марапаттауларға ұласып, бір топ ардагер-ұстаздар мен білікті педагогтарға және үздік оқушыларға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, Қазталов ауданындағы Қараөзен-мектеп-лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында жеңімпаз атанды. «Алматы кітап»  ұйымдастырған «LEADER TopIQ» байқауына қатысып, жүлделі орын алған батысқазақстандық ұстаздардың есімдері де аталды. Сонымен қатар білім саласының бірқатар ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды. Салада жемісті еңбек етіп жүрген оқытушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсімен және «Мейірім әлемге махаббатпен» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен облыстық білім басқармасы тағайындаған марапаттар бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген және ерлік істерімен дараланған оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. 

Басқосу соңында кеңеске қатысушылар концерттік бағдарламаны тамашалады.  

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
29.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 379
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646