Өңірде мыңнан аса адам кәсіптік оқытудан өтті

Өңірде мыңнан аса адам кәсіптік оқытудан өтті

Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес өңірде қысқа мерзімді курстарға 170 адам жолданып, «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 470 азамат қамтылды. Сонымен қатар Skills платформасы арқылы 601 адам оқытылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.  

Бүгінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде 198 адам оқуын аяқтап, сертификат алған. Түлектердің 19-ы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал онлайн форматтағы Skills платформасы арқылы оқытылған 601 адамның 494-і сертификат алып, түрлі салалар бойынша біліктілігін арттырған.

Тегін оқу курстарында көпбалалы аналарға, жастарға және ауыл тұрғындарына басымдық берілген. Бұл бастама халықтың кәсіптік дағдыларын арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік беріп отыр.

Бұдан бөлек, биыл «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған қысқа мерзімді оқытуға 55 адам іріктелген. Бағдарлама аясында электротехникалық жабдықтарды инспекциялау, дәнекерлеу ісі, дефектоскопия және токарь мамандықтары бойынша оқу жүргізілді.

Оқыту «Ембі-Орал» ЖШС, «APEC Petro Technic» жоғары колледжі, «APEC Training Center» ЖШС және Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі базасында ұйымдастырылды.

– Қаңтар айынан бері оқу нәтижесінде 55 адамның 45-і сертификат алып, оның 5-еуі тұрақты жұмысқа орналасты. Қазір 10 адам «токарь» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруда, – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева.

А. ХАМИТТЕГІ
16.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571